USD
USD
USD

Жеке академияларға өз атауларына «ұлттық» сөзін тіркеуге тыйым салынады

Заңға ілеспе түзетулер аясында «Білім туралы», «Ғылым және технологиялық саясат туралы», «Қайырымдылық туралы» заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

заң
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Негізгі заңның концепциясынан бөлек тағы екі маңызды түзету қамтылды. Мемлекет қатысуынсыз заңды тұлға түрінде құрылған академияларға өз атауларында «ұлттық» сөзін толық немесе қысқартылған түрде кез келген тілде қолдануға тыйым салынады.

Сондай-ақ «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» заңға Түркістан облысындағы Кентау қаласын және оған іргелес орналасқан Ащысай, Хантағы, Байылдыр, Қарнақ, Қүшата және Шаштөбе ауылдарын экологиялық жағдайдың алдын-алу аймағы деп тану туралы өзгерту енгізілді. 

Қазір оқып жатыр

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: АГҚС иесі уақытша ұстау изоляторына қамалды

.

Үкімет жанар-жағармай тапшылығына жол бермеу үшін шекарадағы бақылауды күшейтеді

.

Ақтөбеде өртенген көліктен үш адамның денесі табылды

.

«Атыраулық хакер» Түркиядан Қазақстанға қайтарылды

.