USD
USD
USD

Жээнбеков Тоқаевқа гуманитарлық көмек үшін алғыс айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Ақорда. 

Жээнбеков Тоқаевқа гуманитарлық көмек үшін алғыс айтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары бірін-бірі қасиетті Рамазан айымен құттықтады. Президенттер коронавирус індетінің таралуын болдырмау жөніндегі екі ел үкіметтерінің атқарған тығыз әрі жүйелі жұмысына және туындаған барлық мәселелердің жедел шешілгеніне оң баға берді.

Сооронбай Жээнбеков Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанның гуманитарлық көмек көрсеткені үшін ризашылығын білдірді. "Біз бауырлас қазақ халқының ізгі ниетін және Сіздің жеке қолдауыңызды әрдайым сезінеміз", - деді Қырғызстан Президенті.  Тараптар екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жоғары қарқынын сақтау үшін бірлескен іс-қимылдар қажет екенін атап өтті.

Соның ішінде шекарадағы өткізу бекеттерінің жұмыс режимін талқылап, коронавирус пандемиясы аяқталғаннан кейін оның толыққанды жұмысын қайта қалпына келтірудің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар мемлекеттер басшылары екі ел арасындағы заңсыз тауар тасымалына жол бермеу үшін нақты шараларды жүзеге асыру туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Тараптар инвестициялық ықпалдастықты одан әрі нығайту мақсатында Қырғызстандағы қазақстандық компаниялардың жұмысына қатысты бірқатар өзекті мәселеге ерекше мән берді.

Телефон арқылы сөйлесуге Қазақстан тарапы бастамашы болды.

Қазір оқып жатыр

Бейбіт Құсайынов: Қазақстанда екінші орын алсаң, «бірінші орын алдым» деп есептей беруге болады

Бейбіт Құсайынов

Алматы метросында колледж студентінен оқ-дәрі табылып, қылмыстық іс қозғалды

Оқ

Тоқаев әскерге шақыру мен ант қабылдауды ерекше салтанатпен өткізуді тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстандықтар енді зейнетақы жинағының 100%-ын сенімгерлік басқаруға бере алады

Зейнетақы жинағы