USD
USD
USD

Жедел жәрдем шақырушылар көбейген

Елордада жедел жәрдем базасындағы колл-орталыққа жүгінушілер саны күрт өсті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтып берді. 

Жедел жәрдем шақырушылар көбейген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Колл-орталыққа хабарласатындар саны 3-4 есеге дейін артты. Өткен тәулікте 3 800 қоңырау тіркеліп, 2 728 адамға қызмет көрсетілді. Мұнда да 2,5 есе өсім байқалады», – деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Басқарма басшысының айтуынша, инфекциялық және провизорлық стационарларды оттегі концентраттарымен және өзге де медициналық құралдармен жабдықтау жұмыстары жүріп жатыр.

«Барлық медициналық ұйымдар жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген. Дәрілік препараттар да жеткілікті көлемде бар», – деді C. Қисықова.

Қазір оқып жатыр

Семейде жаңа туған сәбиін қоқыс жәшігіне тастаған әке өмір бойына сотталды

сотталған

Күйеуінің қолынан ажал құшқан астаналық тұрғынның анасы соттың ашық өтуін талап етті

Жазира Адауова

Алматыда жаңадан төселген тротуар опырылып түсті

Опырылған тротуар

«Халықтық құрылыс»: халық игілігіне бағытталған ауқымды жоба

 Жансая Нұралиева