USD
USD
USD

Жедел штаб: Абай облысында өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр

Қазіргі уақытта Абай облысында тартылған күштер мен құралдармен өртті сөндіру жалғасуда. Жедел штабтың мәліметінше, елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.

Жедел штаб: Абай облысында өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Өртке қарсы арақашықтық мен минералдандырылған жолақтарды жасау, өрт ошақтары мен өрттің периметрі бойынша жиектерге су төгу, өрттің жиегін топырақпен жабу және толтыру жұмыстары жалғасуда.

Ауа температурасы 23-28 градус, солтүстіктен соққан желдің секундына 7-12 метрге жетеді, жауын-шашынсыз.

Өртті сөндіруге ТЖМ, Экология және табиғи ресурстар министрлігнен, жергілікті атқарушы органдардан және Қорғаныс министрлігінен 1 800-ге жуық адам, 350-ден астам бірлік техника жұмылдырылған.

Сонымен қатар, тартылған тікұшақтар өрт аумағын аэровизуалды тексеруді және өрт ошақтарына су ағызуды жүзеге асыруда. Өткен тәулікте барлығы 535 рет көлемі 1 600-ға жуық тоннадан астам су ағызылды. Өрт басталғалы бері барлығы 1450 рет көлемі 4 000 тоннадан астам су ағызылды.

Осы уақытқа дейін жедел желі телефонына 179 қоңырау келіп түсті. ТЖМ және ТЖД жедел желісінің телефондары: 8 7172 53 32 84, 8 7222 35 38 31.

«Қазгидромет» АҚ деректері бойынша 14 маусымға ауа-райы болжамы: жауын-шашынсыз, солтүстік, солтүстік-шығыс бағыттағы желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с болады деп күтілуде, ауа температурасы түнде +8+130С, күндіз +20+250С.

15 маусымда жауын-шашынсыз, солтүстік бағыттағы желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 17-22 м/с болады деп күтілуде, түнде ауа температурасы +5+100С, күндіз +23+280С.

 

Қазір оқып жатыр

Әл-Фарабидегі жол апаты: Zeekr жүргізушісі 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Александр Пак

ҰБТ басталған алты аптаның ішінде 624 талапкердің нәтижесі жойылған

ҰБТ

CTS Астанадағы LRT-ның келесі кезеңіне Қытай биржасынан инвестиция тартыла ма?

.

Мәжіліс төрағасы Брест қамалы музейіне Хиуаз Доспанованың мүсінін сыйға тартты

Ерлан Қошанов