USD
USD
USD

Жедел сатылардағы қауіпсіздік тексерілді

Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес, бюджет есебінен пайдалануға беріліп жатқан «Тұран» шағын ауданындағы тұрғын үйлердегі орнатылған жедел сатылардың (лифтілер) қауіпсіздігі тексерілді.

Жедел сатылардағы қауіпсіздік тексерілді
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Қалалық орта сапасы және бақылау, құрылыс басқармаларының жауапты мамандары мердігер мекемелердің қатысуымен «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларындағы» бекітілген ережеге сәйкес жедел сатыларға комиссиялық сынақ жүргізіп, тіркеуге алу бойынша жұмыстар жүргізуде.

Бүгінгі таңда құрылысы аяқталып пайдалануға берілетін 21 тұрғын үйде орналасқан 42 жедел сатыға сынақ жұмыстары жүргізіліп, мемлекеттік қызмет көрсету реестріне енгізіліп электронды түрде тіркелді.

Мердігер мекемелердің қызметкерлеріне жедел сатыдағы қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары тұрақты тұрде жалғасатын болады.

Қазір оқып жатыр

Алматыда футбол алаңына партия туымен жүгіріп шыққан жанкүйер ұсталды

Артспорт

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.