USD
USD
USD

Жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан Нұрболат Дәкебаев кешірім сұрап, видео жариялады

Жедел жәрдем көлігі жүргізушісін соққыға жыққаны үшін ұсталған Нұрболат Дәкебаев кешірім сұрап, видео жариялады.

Нұрболат Дәкебаев
Фото: видеодан

Алматы, NEGE. Видеоны әлеуметтік желіге зардап шегушінің досы жариялады.

– Құрметті қазақстандықтар, 2024 жылғы 1 ақпанда өзім барып берілемін. Себебі жасаған қиянатым маза бермей жатыр, анамды да қатты алаңдаттым. Бәрінен және медицина қызметкерлерінен кешірім сұраймын. Ешкімге зиянымды тигізгім келмеді. Менен жәбір көрген бауырымнан, мұсылман-бауырлардан кешірім сұраймын. Мен өз қателігімді түсіндім. Алла разылығы үшін кешіріңіздер", – дейді Дәкебаев. 

Нұрболат Дәкебаев видеода өзі барып берілетінін мәлімдеген. Алайда Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі Дәкебаев өз еркімен полицияға берілді деген ақпаратты жоққа шығарды. 

Қазір оқып жатыр

ЭКСЖ: 67 жоба бойынша құрылыс жұмыстары әлі басталмаған

ЭКСЖ Жобалық кеңсесінің отырысы

«Өте жоғары жылдамдықпен жүрген»: Алматыда 54 жастағы электросамокатшы қаза тапты

Элетросамокат

Қазақстанда биыл мұнай экспорты 6,7%-ға төмендеген

Мұнай

Авиаотын бағасын негізсіз көтерген: Тараз әуежайына айыппұл салынды

әуежай