USD
USD
USD

Жедел жәрдем қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылық қатаң айыпталуы тиіс – Министр

Өткен түні Қарағандыда төтенше жағдай болды. Жедел медициналық жәрдем жүргізушісіне лауазымдық міндетін атқару кезінде бейтаныс адам дене жарақатын салған.

Жедел жәрдем
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Жедел жәрдем жүргізушісі ауруханаға мидың шайқалуы, мұрын сүйегінің сынуы, қабырғаның жабық сынуы, көздің гематомасы диагнозымен емдеуге жатқызылған.

Денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел жәрдем жүргізушісіне араша түсіп, ҚР Денсаулық сақтау министрі мәлімдеме жасады.

«Азаматтар біздің фельдшерлер мен „103“ жүргізушілерінің қандай қиын жағдайда жұмыс істейтінін әрдайым түсіне бермейді. Өкінішке қарай, мұндай агрессия жағдайлары, жедел жәрдем қызметкерлеріне шабуыл жасау жиі болады және олар заңмен қатаң түрде кінәлілерді жазалауды талап етеді», — дейді министрлік басшысы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.

Қазір оқып жатыр

Қарашадағы жиналыс. «Алтыналмас» НЕГЕ дайындалып жатыр?

Almas

Отбасы банк қарызды өтеу үшін несие беруді уақытша тоқтатты

Отбасы банк

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы 4 жылға сотталды

Қадырбек Атамбаев

«30 доллардан басталады»: мамандар киберқылмыс қызметінің бағасын анықтады

хакер