USD
USD
USD

Жібек Құламбаева Польшадағы турнирдің жеңімпазы атанды

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Бытом (Польша) ITF W50 турнирінің жеңімпазы атанды.

теннис
Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

Алматы, NEGE. Жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген қазақстандық теннисші италиялық Николь Фосса Уергамен бірге барлығы төрт кездесуді сәтті аяқтады. Қазақстандық-италиялық дуэт финалда доданың 2-ракеткалары, украиналықтар Марина Колб – Надя Колбпен бас жүлдені сарапқа салды.

Жібек Құламбаева – Николь Фосса Уерга 7:6 (8:6), 6:2 есебімен жеңіске жетті. Финалдық бәсеке сағат жарымнан артық уақытқа созылды. Қазақстандық теннисші жұптық сында WTA рейтингісінде 138-орында тұр.

Тағы бір қазақстандық Соня Жиенбаева жекелей сында Өскеменде өтіп жатқан ITF W15 турнирінің финалына шықты. Ол жартылай финалда ресейлік Варвара Паньшинаның мысын басты – 7:5, 6:2.

С.Жиенбаева соңғы матчта ресейлік Алиса Кюммельмен чемпиондық атақ үшін таласады.

Қазір оқып жатыр

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян

«Вашингтон моделі» БҰҰ аясындағы халықаралық келісімге негіз болуға лайық – Тоқаев

Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес отырысы

Тұңғыш алтын: таеквондошы Тамирлан Тілеулес Азиадада тарихи жеңіске жетті

Тамирлан Тілеулес