USD
USD
USD

Жібек Құламбаева Мадрид турнирінің чемпионы атанды

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Мадрид (Испания) ITF W100 турнирінде үздік шықты.  

Жібек Құламбаева
Фото: Olympic.kz

Алматы, NEGE. Жарыстың 3-ракеткалары Ж.Құламбаева мен италиялық Николь Фосса-Уэрго финалда испаниялықтар Марина Бассольс – Андреа Лазаро Гарсиямен өте тартысты кездесу өткізді.
Бірінші партияда тай-брейкте қазақстандық-италиялық жұп жанкештілік танытты – 7:6 (9:7).

Екіншісінде испаниялық дуэт тай-брейкте есе қайырды – 7:6 (7:4).

Супер тай-брейкте Ж.Құламбаева – Н.Фосса-Уэрго таразы басын өздеріне аудара білді – 10:4.
Финалдық бәсеке 2 сағат 18 минутқа созылды.

Қазір оқып жатыр

Михаил Ломтадзе: Kaspi.kz-тің мақсаты – клиенттерге арналған әлемдегі үздік AI-сервистердің бірін жасау

Ломтадзе

Астана тұрғыны бұрынғы әйелінің үстіне жанғыш сұйықтық құйып, өртеп жіберемін деп қорқытқан

Бөтелке ұстаған ер адам

Бензин бағасының төмен болуы инвестор тартуға кедергі келтіреді – Бектенов

Мұнай өңдеу саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес

Exclusive-ке жасалған DDoS-шабуылға «Қазақтелекомның» қатысы бар ма?

Қазақтелеком