USD
USD
USD

Жазушылар Одағының ғимаратын жөндеу жұмыстары аяқталды

Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің міндетін атқарушы Архат Омаров өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қаланың тарихи ғимараттарының келбетін сақтау жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы жайлы хабарлады. 

Жазушылар Одағының ғимаратын жөндеу жұмыстары аяқталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мысалы, ағымдағы жылы көппәтерлі үйлердің 69 қасбетіне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жөндеу жұмыстарының барлық түрлері, соның ішінде бояу және т.б. жүзеге асырылды, келесі жылы Алмалы ауданында 50 үйдің қасбеттерін жөндеу жұмыстарымен қамту жоспарлануда.

Сонымен қатар, мәдени ортаны дамыту мақсатында Жазушылар Одағының ғимаратын жөндеу, № 4 кітапхана мен Чехов атындағы қалалық кітапхананы жаңғырту жұмыстары аяқталды. 

 «Абылай хан даңғылында орналасқан Жазушылар Одағының тарихи ғимараты бойынша жұмыстар 2019 жылы басталды. Бүгінгі таңда барлық жұмыстар 100% аяқталды. Күрделі жөндеу жұмыстары аясында шатыр, желі және ішкі әрлеу толығымен жөнделді», - деп атап өтті Архат Омаров.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қазақ ақыны, журналист және редактор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет Алматы қаласының әкімдігіне инфрақұрылымды жаңғырту мәселесін шешкені үшін алғыс білдірген болатын. Оның айтуынша, жөндеу жұмыстары Жазушылар үйінің негізгі ғимаратында да, мәжіліс залында да жүргізілген.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Мұнай

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

.

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

Дамир Ташкараев

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?

.