USD
USD
USD

Жазушы Жылқыбай Жағыпарұлы дүниеден өтті

Белгілі журналист, қарымды қаламгер Жылқыбай Жағыпарұлы өмірден озды.

Жылқыбай Жағыпарұлы
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Жылқыбай Жағыпарұлы 1954 жылдың 11 қыркүйегінде Қарағанды облысы Қарқаралы топырағында дүниеге келді. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының тарих факультетін бітірген соң Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінде 30 жылға жуық жемісті еңбек етті.

Республикалық «Тіл және мәдениет» қоғамының құрылуына мұрындық болып, ұйымдастыру комитетінің төрағасы болды. 2005-2007 жылдары республикалық «Ел» газетінің бас редакторы қызметін абыроймен атқарды. 2007 жылдан бастап, зейнет жасына жеткенге дейін республикалық «Egemen Qazaqstan» газетінде қызмет атқарды.

Қазақстан Жазушылар және Қазақстан журналистер одағының мүшесі Жылқыбай Жағыпарұлы «Құрмет» орденімен марапатталған.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұжымы Жылқыбай Жағыпарұлының өмірден өтуіне байланысты туыстары мен жақындарына көңіл айтады.

Қазір оқып жатыр

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті

«Самұрық-Қазына» басшысы Тоқаевқа 21 трлн теңге жұмсалатын жобалар туралы баяндады

"Самұрық-Қазына" қоры