USD
USD
USD

Жазушы Дулат Исабеков өмірден өтті

Жазушы, драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Дулат Исабеков 83 жасқа қараған шағында өмірден өтті.

Дулат Исабеков
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қаралы хабарды ұлы Естияр Дулатұлы хабарлады.

Дулат Исабеков 1942 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданында туған. 1966 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Жазушы әр жылдары Қазақ КСР Телевизия және радиохабар жөніндегі мемлекеттік комитетінде аға редактор (1967-1968), Қазақ Совет энциклопедиясы бас редакциясында аға ғылыми редактор (1968-1970), «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі (1971-1976), «Жалын» баспасында редакция меңгерушісі (1976-1980), Қазақ КСР Мәдениет министрлігі репертуарлық-редакциялық коллегияның бас редакторы (1980-1988), Қазақ теледидарының бас директоры (1988-1992), «Жазушы» баспасының директоры (1992-1995), Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, ҚР Мәдениеттану ғылыми-зерттеу институтының директоры болып еңбек еткен.

Қазақ әдебиеті мен мәдениетіне өзіндік өрнек салған қаламгердің көптеген кітабы жарық көрді.

Қазақ сахнасы тарихында өзіндік орны бар 30-ға жуық пьесаның авторы. Жекелеген повестерi мен әңгiмелерi шет тілдеріне аударылды.

Жазушының «Гауһар тас», «Дермене», «Тауқымет» («Тiршiлiк» повесi), «Лоторея» («Ержеткенше» повесі), «Балуан Шолақ» («Жаужүрек» пьесасы) атты көркем фильмдер мен «Әпке» атты пьесасының негізінде телесериал түсірілді.

Қазір оқып жатыр

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.