USD
USD
USD

Жазушы Әкім Тарази дүниеден өтті

Жазушы Әкім Тарази 22 сәуірде 92 жасқа қараған шағында өмірден озды. 

Әкім Тарази
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысы жазушы, Қазақстанның Еңбек Ері Әкім Таразидің дүниеден өтуіне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті жазушы, драматург, Қазақстанның Еңбек Ері Әкім Таразидің қайтыс болуына байланысты оның жұбайы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Роза Мұқанова мен балаларына көңіл айтты.

– Әкім Тарази бүкіл саналы ғұмырын сөз өнеріне арнаған, төл әдебиетіміз бен мәдениетімізді төрге оздырған ұлтымыздың біртуар перзенті еді. Дарынды қаламгер қазақ прозасының көкжиегін кеңейтті, ұлттық кино және драматургия саласына өлшеусіз үлес қосты. Асыл мұратынан ешқашан айнымаған қалам иесін көзі қарақты оқырман «Әдебиет әлемінің Әкімі» деп ардақ тұтты, зиялы қауым оның шығармашылығымен қатар адамгершілік қасиеттерін ерекше бағалады. Өнегелі өмір сүріп, соңына мол мұра қалдырған Әкім Таразидің жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады, – делінген жеделхатта.

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында панажай иесі қаза тапты: 90 иттің тағдыры не болады?

Владимир Тепляков

Ресейде шенеуніктердің жүйкесін ойыншықпен тыныштандырмақ

Антистресс

Қазақстанда сүт безі обыры диагнозымен 150-ге жуық ер адам тіркеуде тұр

Науқас пен дәрігер

Алматыда есірткі дайындау кезінде екі адам уланып қайтыс болған

қылмыс