USD
USD
USD

Жазира Байырбекованың жақын туысы қайтыс болды

Жазира Байырбекованың ғасыр жасаған әжесі көз жұмды. Отбасындағы қайғылы оқиға жайлы әнші желідегі парақшасында жазды.

Жазира Байырбекованың жақын туысы қайтыс болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Байырбекованың әжесі 9 қаңтар күні қайтыс болған. Қарт ана биыл 100 жасқа толар еді. Ол 1922 жылдың қарашасында дүниеге келген. 

Байырбекова әжесінің үш жыл бұрынғы видеосын жариялады. Онда қарияның жас кезінде көп қиындық көргенін, соған қарамастан 17 жыл оқығанын айтады.

"Халқым аман болсын. Қазір рахат өмір ғой. Осы күнге жеткеніме төбем көкке екі елі жетпейді ғой. Өмір бақи мұндай өмірді көргенім жоқ", – деген еді марқұм.

Қазір оқып жатыр

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті

100 млн теңге пара алғаны үшін бұрынғы шенеунік сотталды

Парақор шенеунік

Маңғыстаудағы сарбаздар қазасы бойынша 300-ден астам адамнан жауап алынды – Бас прокуратура

Әскерилер өлімі

Қостанайда қарт кісіні өлтірді деген күдікпен жасөспірім ұсталды

Күдікті пен полицей