USD
USD
USD

Жазғы универсиадада спорттық гимнастикадан екі күміс медаль түсті

Жазғы универсиада спорттық гимнастикадан жүлдегерлер анықталды.

Жазғы универсиадада спорттық гимнастикадан екі күміс медаль түсті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХІ Жазғы универсиадада спорттық гимнастикадан Милад Карими мен Нариман Құрбанов «күміс» жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

5 тамызда спорттық гимнастикадан ел құрамасы қоржынына екі күміс медаль түсті.

Алдымен Милад Карими спорттық гимнастикадан еркін жаттығу бойынша ерлер арасында 14.300 баллмен екінші орын алды.

Бірінші орын Кае Кадзумеге бұйырса (14.333), үшінші орынды юоңтүстіккеорялық Рю Сонхён (13.900) алды.

Тағы бір күміс медальге Нариман Құрбанов қол жеткізді. Көрсеткіші - 15.266 балл.

Бірінші орынды Қытайлық Тайбэйден келген Ли Чин-кай алса, үшінші орынға сол елдің өкілі Шяо Ю Цзян (14.933) қол жеткізді.

Қазірге дейін Қазақстан құрамасы қоржынында бір «алтын», жеті «күміс,» сегіз «қола» медаль бар.

Еске салсақ, бүгін Жазғы универсиадада таеквондошылар ел қоржынына 14-ші медальді салды.

Қазір оқып жатыр

2 млрд теңге табыс тапқан: Алматыда Kizdar.net сайтын құрушылар қамауға алынды

Кісен

АҚШ-та жоғалып кеткен қазақстандық жігітке қатысты тың ақпарат айтылды

Әсет Құралбай

Samruk-Kazyna Construction еншілес компаниясын 228,8 млн теңгеге сатпақ

.

Тоқаев елдің қорғаныс қабілетін нығайтуды тапсырды

Тоқаев, Қосанов