USD
USD
USD

Жазғы Паралимпия ойындары: Үшінші жарыс күнінің нәтижесі

Жазғы Паралимпия ойындарының үшінші жарыс күнінің нәтижесі жарияланды.

Паралимпиада
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Пара нысана көздеу: R1 санатында винтовкамен 10 метрге пара нысана көздеуден сынға түскен Еркін Ғаббасов 247.7 ұпай жинап, күміс жүлде жеңіп алды. Бұл – Париж Паралимпиадасында ел қоржынына түскен алғашқы медаль.

Әйелдер арасында өнер көрсеткен Севда Әлиева SH1 санатында 10 метрге пневматикалық тапаншадан нысана көздеуде 13-орынға ие болды.

Пара жеңіл атлетика: Гүлбақыт Қайыржанова найза лақтыруда (F13 санаты) 34.23 метр нәтижесімен бесінші орынға тұрақтады.

Волейболды отырып ойнау: Қазақстан ұлттық құрамасы топтық кезеңдегі екінші матчын Паралимпиаданың үш дүркін жеңімпазы, Токиода қола алған Босния және Герцеговина құрамасымен өткізіп, 2:3 есебімен жеңіліп қалды.

Пара таэквондо: 80 кг дейінгі салмақ дәрежесінде, К44 классында күрескен Нұрлан Домбаев қола медаль үшін жекпе-жекте оңтүстік кореялық спортшы Джу Джонхунға (Joo Jeonghun) 7:1 есебімен жеңіліп қаоды.

Нышан Өмірәлі К44 +80 кг салмақтағы қола үшін тартыста ирандық Хамед Хагшенасқа (Hamed Haghshenas) 9:16 есебімен жеңілді.

Қазір оқып жатыр

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек

Ғылым саласына жүргізілген аудиттен кейін төрт адам қызметінен босатылып, отыз екі адам жауапқа тартылды

Ғылым академиясы

2 млрд теңгеге қатысты іс: бұрынғы вице-министрлер мен бюро басшысы сотталды

Омаров

ҚазҰУ студентінің қазасы: министр не себепті пікір білдіруге тыйым салынғанын түсіндірді

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ