USD
USD
USD

Жазда өрт шыққан «Ақкент» тұрғын үй кешені жөнделді

Ақкент шағын ауданы №54 тұрғын үйдегі 96 пәтер өрттен кейін қалпына келтірілді.

Жазда өрт шыққан «Ақкент» тұрғын үй кешені жөнделді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Баспалдақ алаңдары, дәліздер жөнделді, пәтерлер әрленіп, электр монтаждау және кабель ауыстырылды, алты пәтердің екі қабатты терезелері ауыстырылды, сексен пәтердің кіреберіс есігі жөнделді. Адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ғимараттың эвакуациялық жолдары тексерілді. 

Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков өрттен зардап шеккен тұрғындардың жөндеуден кейінгі үйін көзімен көрді. 

Ермек Нұрбосынов қызыл жалын кезінде бәрі сынғанын айтып, үйді қалпына келтіргені үшін әкімдікке алғысын білдіреді.

«Күні-түні бел жазбай еңбек етіп, қысқа мерзімде жұмысшылар бәрін қалпына келтірді. Бізге қол ұшын созып, көмектескеніне өте ризамыз», - деді ол.

Бәтима Көжекбаева әкімдіктің жөндеуге көмектескенін және тұрғындарды назардан тыс қалдырмайтынын атап өтті.

«Отқа оранған пәтерді жөндеуден кейін үйімізге қайта оралдық. Жөндеу жұмыстары жақсы жасалған, үйіміз жылы, таза. Көп рахмет. Бізге бірнеше рет келіп, қал-жағдайымызды біліп тұрды», - деді ол.

Тұрғын үйлерді қалпына келтіруге және уақытша қоныстануға әкімдік 168 млн теңгеден астам қаражат бөлді. Оның 100 млн теңгесі жөндеуге жұмсалса, тағы 300 млн теңгені құрылыс салушы компания бөлген.

Қазір оқып жатыр

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты

Атырау облысында ірі қара мал қырылып жатыр: шаруалар дабыл қақты

Ірі қара қырылуы

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала