USD
USD
USD

Жазда Астанадан Балқаш, Үржар бағытында арзан рейстер ашылады

Жаз мезгілінде Астана және Алматы тұрғындары Балқаш, Үржар, Үшарал қалаларына арзан әуе рейстерімен қатынай алады.

әуе рейстері
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. Туризм және спорт министрлігі туризм индустриясы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Нұрбол Байжановтың мәлімдеуінше, жаз мезгілінде сұраныс жоғары болатын ішкі әуе рейстері мемлекет тарапынан субсидияланады. Осы мақсатта сәуір айында көлік министрлігімен тиісті келісімшарт жасалған.

Мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде жазда Астана мен Алматыдан қатынайтын әуе рейстеріне арнайы төмендетілген тарифтер бекітілген. Атап айтқанда, Астанадан Балқашқа дейін 16 мың теңгеге, Үржарға дейін 18 мың теңгеге, Үшаралға дейін 20 мың теңгеге билет сатып алуға болады.

Алматыдан қатынайтын рейстерге де осы бағалар бекітілген.

Нұрбол Байжановтың айтуынша, ресми субсидияланатын рейстерден бөлек, демалыс аймақтарына коммерциялық чартерлік рейстер де ұйымдастырылуы мүмкін. 

Қазір оқып жатыр

Жақсылық Омарға шығарылған үкім өзгеріссіз қалды

Жақсылық Омар

Есікті майыстырып жіберген: Жетісу облысында аш аю қонақ үйге кірмек болған

Аю

Алматы әкімдігі Орталық саябақтың 5 га жерін қайтарып алды

Орталық саябақ

Сайлау жүйесіне қандай өзгерістер енгізіледі?

Сайлау туралы заң