Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Жазасын өтеуші Абайдың суретін салды

Петропавлдағы ЕС-164/3 мекемесінде жазасын өтеуші Абайдың мерейтойына орай ақынның мүсінін жасап, биіктігі 3 метр болатын суретін салды.

Жазасын өтеуші Абайдың суретін салды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Солтүстік Қазақстан облысы Қылмыстық атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлдағы ЕС-164/3 мекемесіндегі ғимараттардың бірінің қабырғасында Абайдың портреті пайда болды. Биктігі 3 метр, ұзындығы 5 метр болатын туындының авторы – осында жазасын өтеушілердің бірі. Қайрош бұл суретті 2 күннің ішінде салып шыққан. «Алдымен қарындашпен салып алдым, сосын ақ-қоңыр бояумен боядым. Қабырғаға сурет салғанда қателеспеуге тырыстым, өйткені тез боямаса бояу ағып кетеді. Абайдың бейнесін айна-қатесіз шығару үшін мекеме кітапханасындағы ақынның кітаптарын ақтардым», - дейді суреттің авторы.

Бұл - Қайроштың Абайға арнаған екінші еңбегі. Ол бұған дейін ақынның мүсінін гипстен жасаған еді. Абай Құнанбаев – оның сүйікті ақындарының бірі. Шығармаларымен жақсы таныс, тіпті Абайдың 15 өлеңін жатқа біледі. Қара сөздерінен ғибрат алуға тырысады. Сол себепті ақынның суретінің қасына оның 18-ші қара сөзін де жазған. 

Қазір оқып жатыр

Тойда уағыз айтып, басы дауға қалған ақсақалдың қызы Тоқаевқа үндеу жасады

қылмыстық іс

«Ресейден жеткізілген»: Алматыда жалған көлік нөмірлерін сатқан тұрғын ұсталды

жалған нөмірлер

ЕҮАК отырысында электрондық сауда туралы келісімге қол қойылды

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы

Алматыдағы «Байсат» базары аукционда 24,7 млрд теңгеге сатылды

Байсат