USD
USD
USD

Жазасын өтеп жатқан сотталушы ұялы телефон арқылы жұрттың ақшасын жымқырған

Алматы облысының прокуратурасы №12 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталушының интернет-алаяқтық жасағанын анықтады, деп хабарлайды Stan.kz.

Жазасын өтеп жатқан сотталушы ұялы телефон арқылы жұрттың ақшасын жымқырған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Осылайша, сотталушы Ж.-ның 2020 жылдың маусым айынан бастап 2023 жылдың қаңтар айына дейін түзеу мекемесінде ұялы телефондарды және ұялы байланыс операторларының түрлі сим-карталарын пайдаланып, жалпы сомасы 25 миллион теңгеден астам сомаға 200-ге жуық алаяқтық әрекеттерін жасағаны анықталды.

Аталған факті 2023 жылдың 2 наурызында мамандандырылған прокуратурасында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі, 4-тармағы – "Алаяқтық" бойынша құқық бұзушылық фактісі бойынша тіркеліп, тергеу бөлімшесіне берілді.

Прокуратураның мәліметінше, тергеу барысында сотталушыдан 2 ұялы телефон мен 41 сим-карта тәркіленген. Сотталушы аталмыш құралдардың көмегімен WhatsApp арқылы телефон соғып, хат алысып тұрған.

“Қазіргі уақытта сотталушының басқа да құқық бұзушылықтарын анықтау үшін облысымызда да, Қазақстан Республикасының басқа да өңірлерінде де деректер базасына мониторинг жүргізілуде. Сондай-ақ, түзеу мекемесі қызметкерлерінің әрекетсіздік фактілері мамандандырылған прокуратурада Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 370-бабы 2-бөлігі "Қызметтегі әрекетсіздік" бойынша тіркеліп, Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментіне берілді”, –  деді прокуратурада.

Қазір оқып жатыр

eGov-та шұғыл ауруханаға түскенде жақындарыңды хабардар ететін қызмет іске қосылды

eGov

ШҚО-да әйел адамды өлтірді деген күдікпен оқушы ұсталды

Кісен

Дания Еспаева: 2027 жылғы бюджетте қауіпсіздік қоры жоқ

Дания Еспаева

Бақытжан Базарбек қатысқан жол апатында зардап шеккен ер адам ауруханадан шықты

Нұржігіт Қошановтың ауруханадан шыққан сәті