USD
USD
USD

Жазасын жеңілдету үшін 10 мың доллар сұраған: ШҚО-да екі ер адам сотталды

Қаржылық мониторинг агенттігі жер қойнауын пайдаланушылардан ақша алу схемасын ұйымдастырған екі азаматқа қатысты алаяқтық дерегі бойынша тергеу аяқталғанын хабарлады.

Видеодан скриншот/Қаржылық мониторинг агенттігі
Фото: Видеодан скриншот/Қаржылық мониторинг агенттігі

Астана, NEGE. Агенттік өкілдері 2025 жылғы қыркүйек айында Самар ауданының «Кенқарын» учаскесінде «Құлынжон» өзенінің арнасын өз бетінше бұру арқылы бағалы металдарды заңсыз өндірген адамдар тобының әрекеті тоқтатылғанын еске салды. Олардың әрекеттері салдарынан 54 млн теңгеден астам экологиялық залал келген.

«Осы жағдайды пайдалана отырып, қылмыскерлер күдіктілердің бірін қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын неғұрлым жеңіл түріне өзгертуге жәрдем көрсетеміз деген сылтаумен 10 мың АҚШ долларын беруге көндірген. Олар ақша алу кезінде ұсталды», – деп хабарлады ҚМА өкілі.

Сот үкімімен оларға 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Жамбыл, Түркістан және Маңғыстау облыстарында шекарада бақылау күшейтілді

Шекарадағы бақылау

Павлодар облысында «Газель» мен «Камаз» соқтығысып, бір адам мерт болды

Көлік апаты

20 жастағыларға жеткіліктілік шегі неге 6,6 млн теңге деп белгіленген?

БЖЗҚ

Жетісуға биылғы жазғы маусымда 2 миллионнан астам турист келеді деп күтілуде

Жетісу