USD
USD
USD

Жаза қолданылады: ҰҚК Украинаға соғысуға кеткен қазақстандықтарды іздестіріп жатыр

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Украинадағы соғыс қимылдарына қатысу үшін елден кеткен қазақстандықтарды іздестіру жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды ҰҚК.

Жаза қолданылады: ҰҚК Украинаға соғысуға кеткен қазақстандықтарды іздестіріп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Украинадағы соғыс қимылдары аясында халықаралық жағдайдың шиеленісуін ескере отырып, жекелеген қазақстандық азаматтардың қарулы қақтығысқа қатысу үшін шетелге кету мүмкіндігі де жоққа шығарылмайды. ҰҚК органдары оларды табу, олар туралы қажетті ақпаратты алу жұмыстарын жүргізіп жатыр", - деді қауіпсіздік комитеті.

Ведомство өкілдері егер азаматтар қарулы қақтығысқа қатысқаннан кейін Қазақстанға оралса, оларға қатысты тиісті жаза қолданылатынын атап өтті.

Атап айтқанда, Қазақстан азаматының шет мемлекеттің аумағындағы қарулы қақтығысқа немесе ұрыс қимылдарына қасақана заңсыз қатысқаны үшін мемлекет Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 170 бабы "Шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысу" және 172 бабы "Жалдамалы" баптарына сәйкес бес жылдан тоғыз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.

Қазір оқып жатыр

Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанады

Рыбакина

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті