USD
USD
USD

Жайлы мектептің ерекшелігі қандай? – Министр жауап берді

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев "Жайлы мектеп" жобасы аясында салынған мектептердің ең басты ерекшеліктеріне тоқталды.

Жайлы мектеп
Фото: Артем Чурсинов

Алматы, NEGE. Жайлы мектептердің басты артықшылығы – онда оқушыларға қолайлы, эргономикалық білім беру кеңістігінің жасалуы. Бұл мектептердің көлемі типтік жобаларға қарағанда 15-20%-ға үлкен, ал техникалық жарақтануы жағынан 4 есеге артық, - деді министр ОҚК алаңында.

Ол жайлы мектептердің жартысына жуығы ауылдық елді мекендерде салынып жатқанын айтты. Оқу-ағарту министрінің мәліметінше, 200 мыңнан астам ауыл баласын заман талабына сай жайлы білім беру ортасымен қамтамасыз ету жоспарланған.

Сондай-ақ Ғани Бейсембаев барлық жайлы мектептер заманауи жиһаздармен және оқу құрал-жабдықтарымен жабдықталып, әрбір оқу кабинеті үшін қажетті техникалық құралдар жиынтығы қамтамасыз етілгенін атап өтті.

– Мектептерде робототехника кабинеттері, STEM-зертханалар, хореография залдары, коворкинг аймақтары, 4 спорт залы бар, заманауи пәндік кабинеттер, алғашқы әскери дайындық үшін арнайы ашық алаңдар қарастырылған, - деді министр.

Ғани Бейсембаев қауіпсіздік режимі күшейтілгенін жеткізді.

– Ұлттық жоба аясында салынған мектептерде қауіпсіздік жүйелері күшейтілген. Мектептер заманауи бейнебақылау және ғимаратқа кіріп-шыққандарды қадағалау жүйелерімен қамтамасыз етілген. Бастауыш және жоғары сыныптар бөлек-бөлек блоктарда оқиды. Мұның барлығы баланың қауіпсіз әрі жайлы ортада білім алуына бағытталған, - деді ол.

Оқу-ағарту министрі жобаның негізгі басымдықтарының бірі оқушыларға ерте жастан кәсіби бағдар беру екенін атады.

– Оқушыларды еңбекке баулу және шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында мектептерде әмбебап шеберханалар мен студиялар, сондай-ақ бастапқы кәсіби білім беруге арналған арнайы жабдықталған кабинеттер қарастырылған. Атап айтқанда, тігін, аспаздық, ақпараттық технология, ағаш шеберханасы және басқа да бағыттар бойынша оқу бөлмелері қажетті заманауи жабдықтармен толық қамтылған, - деді Ғани Бектаев.

Сонымен қатар, жоба аясында барлық мектептерде интернет желісіне кемінде 100 Мегабит жылдамдықпен қосылу мүмкіндігі қамтамасыз етілетін болады.

Қазір оқып жатыр

Қытай мен Непал шекарасында жоғалып кеткен қазақстандықтардан әлі хабар жоқ – СІМ

су тасқыны

Ақмола облысында істің қаралуын созбалаңға салған әкімге жаза тағайындалды

ақша

Вячеслав Ким Alatau City-де көпфункционалды хабты іске қосты

Вячеслав Ким

Тоқаев Орта дәліз арқылы Кореядан Еуропаға өтетін көлік бағытын дамытуды ұсынды

Бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті