USD
USD
USD

Жайлы мектеп пен Келешек мектептерінің айырмашылығы неде?

Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар алаңында ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жауап берді.

Мектеп
Фото: Артем Чурсинов

Алматы, NEGE. 2022 жылы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында “Жайлы мектеп” ұлттық жобасын жүзеге асыруды тапсырды. Былтыр ауқымды құрылыс жұмысы басталды. Бүгінге дейін 105 мектеп салынды. Биыл тағы 112 мектептің құрылысы аяқталып, іске қосылатыны белгілі. Алайда министр баяндамасында “Келешек мектептері” деген тіркесті қолданады. 

– Біз мектептің құрылысын бастаған кезде ең басты мақсат 3 ауысымдық пен апатты жағдайдағы мектептердің мәселесін шешу идеясы шеңберінде басталды. Сондықтан бұл құрылыс жобасы ретінде “Жайлы мектеп” болып аталған болатын. Енді біз жайлы ортаны қалыптастырдық. Сондықтан “Жайлы мектеп” идеясынан “Келешек мектептері” идеясына көшуді жоспарлап отырмыз, – деді Ғани Бейсембаев.

Министр “Келешек мектептері” идеясын да түсіндіріп өтті.

– Енді біз тек бұл 217 мектепті емес, қалған мектептерді де келешектің мектебі ету бағытында, осы идеологема шеңберінде бүгіннен бастап барлық мектептерге үлгі болатын және содан үйреніп, сол деңгейге жетуге серпіліс беретін мектептер қауымдастығын құру бағытындағы мектептерді “Келешек мектептері” деп атауды жоспарлап отырмыз. Яғни болашақта тек 217 емес, қалған 8 мың мектебімізді де келешек мектептеріне айналдыру жоспарланып отыр деген сөз, – деді ол.

Қазір оқып жатыр

Қытай мен Непал шекарасында жоғалып кеткен қазақстандықтардан әлі хабар жоқ – СІМ

су тасқыны

Ақмола облысында істің қаралуын созбалаңға салған әкімге жаза тағайындалды

ақша

Вячеслав Ким Alatau City-де көпфункционалды хабты іске қосты

Вячеслав Ким

Тоқаев Орта дәліз арқылы Кореядан Еуропаға өтетін көлік бағытын дамытуды ұсынды

Бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті