USD
USD
USD

Жайлы мектеп құрылысы: кәсіпкер жалақысын 131,5 млн теңгеге өсірген

Алматыда жайлы мектеп салу үшін келісімшарт алу кезінде компания басшыларының бірі жалақысын 131,5 миллион теңгеге дейін өсірген.

gov.kz
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Бұл туралы Қаржы министрлігінің фискалдық саясатын дамыту және ақпараттық жүйелерді цифрландыру мәселелеріне арналған кеңесте айтылды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Қаржы министрлігіндегілердің пайымдауынша, осыдан құрылыс шығындары әдейі ұлғайтылуы мүмкін.

«Алматыда жайлы мектептер салуға мемлекеттік келісімшарттар алу барысында жалақыны едәуір көтерілгені анықталды. Мәселен, нысандардың бірін салу кезінде ЖШС басшысының жалақысы 131,5 млн-ға дейін өскен, бұл құрылыс шығындарының әдейі ұлғаюы мүмкін екенін көрсетеді», – делінген хабарламада.

Бұл факт бойынша тексеру жүргізілмек.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Наразылық білдірушілер

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе