USD
USD
USD

Жайық өзеніндегі су деңгейі бір тәулікте 40 сантиметрге көтерілді

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, Жайық өзені Орал қаласындағы гидробекетте бір тәулікте 40 см көтеріліп, 255 см (қауіпті шегі — 850 см), Бәйтерек ауданы Январцев ауылында 295 (+22 см, 1 000 см), Көшімде 222 сантиметрге (+ 23 см, 850 см) жетті.

Орал
Фото: тұрғындардан

Алматы, NEGE. Сондай-ақ Шаған өзені Бәйтерек ауданы Чувашин ауылы тұсында 778 см (+147 см, 1 280-1 300 см), Мичуринде 333 см (+59 см, 1 100 см), Жайықтың тағы бір саласы Елек Шыңғырлауда 220 сантиметрді (+71 см, 750 см) көрсетті.

Жайыққа құятын Деркөл өзені Тасқала ауылы тұсында 39, Бәйтерек ауданы Зеленый ауылында 12 сантиметрге төмендесе, Белесте 53 см өсті (қазіргісі — 552 см, қауіптісі — 600-650 см). Ал 1-Шежін бірден 80, 2-Шежін өзені 99 сантиметрге түсіп, қауіптің беті қайтқан.

Есесіне Сырым ауданында Шідерті өзені Аралтөбе ауылында бір күнде 232 см көтеріліп, 492 сантиметрге (қауіпті шегі — 960 см) бір-ақ жеткен. Сондай-ақ Өлеңті аудан орталығы Жымпиты ауылы тұсында 326 см (+146 см, 490-520 см), Көпіраңқаты Алғабаста 565 сантиметр (+181 см, 945 см) болды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.

Тоқаев әкесіне арналған ескерткіш тақтаға гүл шоғын қойды

.

Бекет ата жерасты мешіті бастаған бес киелі орын ЮНЕСКО тізіміне енді

.

Қазақстандықтар БАӘ-де жүргізуші куәлігін емтихансыз айырбастай алады

жолдағы жылдамдық