USD
USD
USD

Жаяу жүргіншілерді көлік қақты

ШҚО Риддер қаласында екі жаяу жүргіншіжүргіншіні көлік қақты.

Жаяу жүргіншілерді көлік қақты
Фото: NEGE.kz

​Алматы,  NEGE.  ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 тамыз күні сағат 07.00 шамасында Шоссейная көшесінде «Toyota Harier» жүргізушісі рұқсат етілмеген тұстан жолдан өтіп бара жатқан 40 және 36 жастағы екі адамды қағып кетті.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі әйел жеңіл дәрежедегі дене жарақатын алып, Риддер қалалық ауруханасына жеткізілді. Көлік жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 620-бабы бойынша хаттама толтырылды. Оған ескерту жасалуы немесе үш айлық есептік көрсеткіш (1 АЕК - 2778 теңге) мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін», - делінген ведомство мәліметінде.

Сонымен қатар екі жаяу жүргіншіге де жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы бойынша хаттама толтырылған. Оларға екі АЕК мөлшерінде айыппұл салынбақ.

Қазір оқып жатыр

БҚО-да тазалық талаптарын бұзғандарға қатысты 7 мыңға жуық әкімшілік іс тіркелді

БҚО "Таза Қазақстан"

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов