USD
USD
USD

Жаяу жүргендерге сыйақы бермек

Өзбекстанда жаяу жүргендерге 1 млн сум сыйақы бермек.

Жаяу жүргендерге сыйақы бермек
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Өзбекстанда халықтың денсаулығын сақтау және аурудың алдын алуға ерекше мән беріліп, «Салауатты өмір салты» атты жаңа платформа құрылады, деп хабарлайды ӨзА агенттігі. Таяуда Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевтің жаңа жарлығы шықты. Онда салауатты өмір салтын ұстану, денсаулықты күту және күнделікті шынығуға қатысты бірқатар мәселелер көтерілген. Атап айтқанда, халық арасында күнделікті жаяу жүру мен жүгіруді насихаттау үшін қаржылай сыйлық беру қолға алынбақ. «Салауатты өмір салты» платформасында 18 жастан асқан Өзбекстан азаматтарының электронды әмиянына белгілі бір көлемде қаржы салып отыру, сол арқылы халықты салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыру көзделіп отыр.

Біртәулікте 10 мың және одан көп қадам жаяу жүрген адамға 3 мың сумға дейін төленеді. Бір айда әр аудан мен қалада ең көп жаяу жүргендерге - 300 мың сумнан, әр өңірде ең үлкен қашықтықты жаяу жүріп өткен адамға - 500 мыңнан, республика бойынша ең көп жаяу жүрген азаматқа - 1 миллион сум көлемінде сыйлық беру жоспарланған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy