USD
USD
USD

Жауынгердің басында оқ қайдан жүр?

Маңғыстау облысындағы оқырмандарымыздың бірі Nege.kz редакциясына өңірдегі әскери бөлімдердің бірінде болған оқыс оқиғаға қатысты дерек жіберді.

Жауынгердің басында оқ қайдан жүр?
Фото: NEGE.kz

Суретімен қоса жолданған құжатта былай дейді: «2020 жылдың 24 қыркүйегінде шамамен сағат 16:40-та подполковник А.Серікбаев 6656 әскери бөлімін мылтық атуға дайындау барысында аумақты түйелерден тазалауға қатардағы жауынгерлер Ақберен Болатұлы Кәрімов Айдос Архатұлы Сейтқұмаров жіберілген.

Ақберен Кәрімов ату алаңына түйелер келе жатқанын байқап, оларды кері қайтарып жіберем дегенде аяғы тайып кетіп, құлап қалған. Соның салдарынан басына әлдебір зат кіріп кеткен.

Атуды үйрету жетекшісінің әрекеті: Жауынгер жарақат алғаны жөнінде бөлім командиріне, әскери полицияға, әскери прокуратураға хабарлаған.

Қолданылған шара: Қатардағы жауынгер А.Кәрімов Маңғыстау облыстық ауруханасының травматология бөліміне жеткізілді...».

Жауынгердің алған жарақатына қарасаң, «аяғы тайып құлап қалғанда» алған жарақатқа ұқсамайды. Оққа ұқсайтын әлдебір зат ұшып келіп, басына тигендей әсер қалдырады. Қатардағы жауынгер «құлап қалды» ма, әлде абайсызда атылған оқ қаңғып келіп жауынгердің басына тиді ме, оның анық-қанығын әскери полиция анықтауы керек.  

Қазір оқып жатыр

Чернобыль ликвидаторларының жәрдемақысы өспейді: Министр кесіп жауап берді

чернобыль

Алматы жұрты Мұхтар Шахановпен қоштасты

Қоштасу рәсімі

Ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге қашан жететіні беймәлім

ақша

Жағалаудағы құрылыс кезінде 170 млн теңге жымқырған: Көкшетауда шенеунік сотталды

блогер соты