USD
USD
USD

Жатақханадағы өрттен адам қайтыс болды

Алматыда жатақханадағы өрт кезінде ер адам қайтыс болды, – деп хабарлайды қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Жатақханадағы өрттен адам қайтыс болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Департамент баспасөз қызметінің өкілдері Әуезов көшесіндегі өрт туралы хабар 14 желтоқсанда 17:45-те түскенін айтты. Арнайы мамандар оқиға орнына келген уақытта төрт қабатты жатақхананың үшінші қабатындағы бөлме өртеніп жатқанын анықтаған.  Қатты түтіннен тұрғындар сыртқа атып шыққан. Өрт сөндірушілерді жолдан көріп, пәтерде адам бар болуы мүмкін екенін айтқан. Өрт сөндірушілер адамды алып шығу үшін терезеден кірген", – делінген ТЖД хабарламасында. 

Өрт сөндіру кезінде ер адамның мәйіті табылған, оның кім екені анықталып жатыр. Өрт басқа бөлмелерге көшіп үлгермеген. Қауіпсіздік мамандары келген соң өрт 4 минутта ауыздықталып, 15 шаршы метрді шарпыған өрт 10 минутта толықтай сөндірілген. 
 

Қазір оқып жатыр

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға

«Қызыл кітаптағы өсімдіктерге зиян тимейді»: Көкжайлаудағы SuperSki жобасы туралы не белгілі?

Almaty Superski

Депутат Ерлан Сайыр Моральдық кодекс әзірлеуді ұсынды

Ерлан Сайыров

«Asar Baspana» қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары сотталды

рақымшылық