USD
USD
USD

Жатақхана коменданты студенттердің атынан кредит алған

Жетісу облысында жатақхана коменданты өзгерлердің атынан 16 млн теңгеден астам сомаға тауарлық несие алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жатақхана коменданты студенттердің атынан кредит алған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алаяқтық фактілері бойынша арыздар Талдықорған полициясына 2022 жылғы қазан айында түсе бастаған. Тәртіп сақшылары қылмыс жасады деген күдікпен студенттер тұратын жатақханалардың бірінің бұрынғы комендантын ұстады.

Комендант әйел ел бойынша үш банкте және бірнеше микрокредиттік ұйымдарда тауар-ақшалай кредиттерді алаяқтық жолымен ресімдеген деген күдікке ілінді. Принтер, теледидар, кондиционер, ұялы телефон түрінде алған және басқа да тауарлар кейін сатып жіберген.

"Бүгінгі таңда 18 жәбірленуші бар, олардың негізгі бөлігі – студенттер. Келтірілген залал шамамен 16 млн теңгеден асады. Жақын арада сотқа жіберу үшін материалдарды дайындаймыз". Талдықорған полиция департаменті бастығының орынбасары Шыңғыс Нұрахимов

Қалалық прокуратураның үйлестіруімен қылмыстық істі тергеу амалдары ҚР Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-тармағының 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша жүргізілді.

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті