USD
USD
USD

Жастарға арналған жеңілдетілген несие: 3 344 жоба мақұлданды

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы жастарға жеңілдікпен шағын несие беру тетігі іске қосылған.

Жастарға арналған жеңілдетілген несие: 3 344 жоба мақұлданды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Биылғы 10 тамыздағы жағдай бойынша 5,3 мыңнан астам өтінім түсіп, 3 344 жоба мақұлданды. 

2 577 жобаны іске асыруға 11,4 млрд теңгеге несиелер берілді. Қалған жобалар қаржыландырылу үстінде. 

Несие алушылардың басым көпшілігі - мал шаруашылығы, қызмет көрсету, сауда, өсімдік шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп салаларындағы жобаларды іске асырушылар.

Несие 21-35 жас аралығындағы азаматтарға өз кәсібін ашу немесе оны кеңейту үшін беріледі.

Биыл 29 млрд теңге сомасына 5 796 шағын несие беру жоспарланып отыр.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуілге шақырған ер адам ұсталды

.

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты