USD
USD
USD

Жастарға арналған 2,5%-дық несиеге өтініш қабылдау жалғасып жатыр

35 жасқа дейінгі азаматтар өз мүмкіндігін пайдаланып, 5 миллион теңгеге дейін шағын несие ала алады.

Жастарға арналған 2,5%-дық несиеге өтініш қабылдау жалғасып жатыр
Фото: NEGE.kz

 

Алматы, NEGE. Бұл туралы «Жастар Рухы» ЖҚ төрағасы Нұржан Жетпісбаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

«Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты халыққа Жолдауында жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсету жалғасып, оларға арналған жеңілдетілген шағын несие беріледі деп атап өткен болатын. Тапсырмаға сәйкес биыл наурыз айында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жастарға арналған 2,5%-дық несиеге өтініштерді қабылдауды бастады. Микрокредит жастардың кәсіпкерлік бастамаларына жәрдемдесу, бизнесті бастау, оны кеңейту мақсатында беріледі. Бұл – жаңадан кәсіп ашып, өрге домалатамын, қолда бар кәсіпті әрі қарай дамытамын деген жастарға таптырмас мүмкіндік»,– деді ол.

Кредиттеу мерзімі мал шаруашылығына – 7 жыл, өзге кез-келген мақсат үшін – 5 жыл, сыйақы мөлшері 2,5 пайыздан аспайды.

«Шағын несие алуға ынталымын десеңіз, керекті құжаттар тізімін дайындап, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның жергілікті филиалдарының біріне тапсыра аласыз. Содан кейін Аграрлық несие корпорациясы құжаттарды өтініш тіркелген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде тексереді. Құжаттар шарттарға сай болмаса, кері қайтарылатынын да ескерген жөн. Өтініш тіркелген күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде құжаттар мен бизнес жобаға бағалау жүргізіледі. Бизнес жобаны бағалаудан кейін 3 жұмыс күні ішінде нәтижесін конкурс комиссиясына ұсыну үшін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға жібереді»,– деді Н.Жетпісбаев.

Шағын несие жайында толық ақпаратты Agrocredit.kz сайтынан білуге болады. Ал, қосымша мәліметтер «Жастар Рухы» Жастар қанатының әлеуметтік желілерінде жарияланып отырады.

Қазір оқып жатыр

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі

30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді

Парламент

«Van Cleef алқасын, Dior сөмкесін пара ретінде алған»: Кореяның экс-бірінші ханымы тағы 7 жыл арқалады

Ким Кон Хи

Бейбіт Құсайынов: Қазақстанда екінші орын алсаң, «бірінші орын алдым» деп есептей беруге болады

Бейбіт Құсайынов