USD
USD
USD

Жастардың құқықтық мәдениетін көтеру жайы талқыланды

Елордада «Қазіргі жастардың құқықтық мәдениеті: өзекті жай-күйі мен оны арттыру жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бұл жайлы ҚазАқпарат жазды. 

Жастардың құқықтық мәдениетін көтеру жайы талқыланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Бұл іс-шара ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Азаматтық бастамаларды қолдау» орталығының қолдауымен жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында өткізіліп отыр.

«Партиялық емес байқау» орталығы осы жылы тіркелді. Қазіргі уақытта жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында көптеген іс-шараларды өткізіп жатыр. Өкінішке орай, пандемияға байланысты семинар, тренинг форматында болды. Бүгінге дейін 14 пен 29 жас аралығындағы 10 мыңға жуық жас мамандарды, студенттерді іс-шараларымызбен қамтыдық», - деді дөңгелек үстелді ашқан «Партиялық емес байқау» орталығының төрағасы Төлеген Құнаділов.

Орталық төрағасы елімізде биыл алғаш рет ауыл әкімдерін тікелей сайлау өткізілгенін, Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2024 жылдан бастап аудан әкімдерін сайлау ілкі жоба ретінде қолға алынғанын атап өтті.

Сондықтан жастар тек сайлаушы ғана емес, байқаушы ретінде де сауаттылықтарын арттыру керектігіне назар аудартты.

«Іс-шараның басты мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мүмкіндіктерін және олардың белсенді азаматтық ұстанымдарын талқылау, құқық бұзушылықтарға төзбеушілік қағидатын және жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ өз білімі мен болашағы үшін жауапкершілікті ынталандыруды насихаттау», - деді ол.

Дөңгелек үстел барысында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жанындағы «Астана жастары» мекемесінің жетекшісі Шыңғыс Тілеулин баяндама жасады.

Ол өз сөзінде елордада жастарды әлеуметтік, мәдени, тұрмыстық тұрғыда қолдауға бағытталған қандай іс-шаралар атқарылып жатқанына жан-жақты тоқталды.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе