USD
USD
USD

ЖАСТАРДЫҢ БАСПАНА МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков кезекті рет тұрғындарды жеке мәселелері бойынша онлайн қабылдады.

ЖАСТАРДЫҢ БАСПАНА МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Қабылдау барысында тұрғын үй, әлеуметтік көмек және сот орындаушысы тарапынан есеп-шоты бұғатталған тұрғындардың өтініштері қарастырылды. Осы мәселенің мән-жайын анықтап, заң жүзінде шешу мақсатында Шымкент қаласы әділет департаментінің маманы да қатысты. Қабылдау барысында елден шығуға тыйым салынған борышкердің мәселесі шешімін тапты.

Қала әкімінің орынбасары әр тұрғынды жеке тыңдап, баспана мәселесін шешу жолдарын қарастырды. Тұрғын үйге мұқтаж және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған екі жас тұрғын қабылдау барысында тұрғын үй сертификаты туралы алғаш есітіп отырғанын жеткізді. Қала әкімдігінің бастапқы жарна ретінде 1 миллион теңгеден қолдауына қызығушылық танытып, алдағы уақытта ипотекалық баспананы қарастыруға бел бумақ. Өйткені, қалалық тұрғын үй басқармасының мәліметінше ол жастарға санаттары бойынша, зейнетақы аударымдары мен төлем қабілеттіліктеріне сәйкес несиелік баспанаға қол жеткізуге болады.

Ерғали Дәулетбекұлы сала мамандарына Шымкент қаласы бойынша жалпы кезекте тұрған тұрғын үйге мұқтаж және ата-ана қамқорлығынсыз қалған жастар жөнінде талдау жасауды тапсырды. Бұл санаттағы азаматтардың өзекті мәселесін егжей-тегжейлі қарастырып, нақты шешімдер қабылдау қажет екендігін баса айтты.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек