USD
USD
USD

Жастарды жұмыспен қамту мақсатында үш жақты меморандум түзілді

Шымкентте жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, М.Әуезов атындағы ОҚУ және бірқатар кәсіпорындар жастарды жұмыспен қамту мақсатында үшжақты меморандум түзді.

Жастарды жұмыспен қамту мақсатында үш жақты меморандум түзілді
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Жоғары оқу орнында өткен басқосуға М.Әуезов атындағы ОҚУ ректоры Д.Қожамжарова, кәсіпорын басшылары, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Б.Нарбекова қатысты.

«Оңтүстік» индустриялды аймақта орналасқан «Китайско-Казахстанская марганцевая индустриальная группа» ЖШС-і металдар мен қорытпаларды сатумен, «Шымкент металлургиялық компаниясы-ШМК» қара металдардың қалдықтары мен сынықтарын қайта өңдеу, сондай-ақ қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын көтерме саудада сатумен айналысады.

Басқосуда Б.Нарбекова «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының «Жастар практикасы», «Әлеуметтік жұмыс орындары» және «Алғашқы жұмыс орны» бағыттарымен таныстырды.

Мемлекеттік бағдарламаның тиімділігіне қызығушылық танытқан кәсіпорындардың басшылығы алдағы уақытта жұмысшыларды М.Әуезов атындағы жоғары оқу орынының түлектерін мемлекеттік бағдарлама арқылы тартуға келіссөз жүргізді.

Биыл Шымкентте «Еңбек» бағдарламасы бойынша 28 286 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланса, бүгінге дейін 26 013 адам жұмысқа жолданған. Оның 2 578-і жастар практикасымен, 347 адам әлеуметтік, 118 адам «Алғашқы жұмыс орындары» жобасы арқылы түрлі кәсіпорындар мен мекемелерге жұмысқа орналасты.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек