USD
USD
USD

«Жастар практикасы» жұмыс табуға зор мүмкіндік

Шымкент қаласында М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде жас түлектерге «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 3-ші бағыты «Жастар практикасы» бойынша ақпараттық-насихаттық кездесу ұйымдастырылды.

«Жастар практикасы» жұмыс табуға зор мүмкіндік
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Аталған жиынға қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының м.у.а Е.Бекмуратов, білім басқармасы басшысының орынбасары Г.Нахбаева, жұмыспен қамту орталығының директоры С.Абдуллаев және оқу орны түлектері қатысты.

Жастар практикасы – жастарды жұмыспен қамтамасыз ету үшін бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында 25 АЕК көлемінде айлық жалақыны қамтитын бағдарлама.

Кездесуде жұмыспен қамту басқармасы тарапынан бағдарламаның талаптары мен тиімділігі түсіндіріліп, түлектердің сұрақтарына жауап берілді.

Жалпы биыл қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы тарапынан 2500 жасты аталған бағдарлама аясында жұмыспен қамту жоспарланған. Жыл басынан бері 800-ден астам шымкенттік жас тәжирибеден өтуде.

Бағдарлама талабына сай, қатысушының жасы 29-дан аспауы тиіс және «жұмыссыз» мәртебесі болуы керек. Және соңғы үш жыл ішінде (2019-2021ж.) жоғары оқу орындары мен колледжердің түлектері бір-ақ рет қатыса алады.

Былтыр 3 мыңға жуық жас аталған бағдарламамен жұмыспен қамтылып, оның 536-сы тұрақты жұмысқа орналасты.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек