USD
USD
USD

Жастар практикасы аясында жұмыспен қамтылды

Шымкент қаласында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы арқылы жастарды жұмыспен қамту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Жастар практикасы аясында жұмыспен қамтылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бағдарламаның үшінші бағыты – жастар практикасы жоғары оқу орындары мен колледж түлектерінің меңгерген мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу мақсатында ұйымдастырылған.

Баяғдарлама аясында бүгінде жас түлектер жұмыспен қамтылып, еңбек тәжірибелерін арттыруда.

Сондай жастың бірі – Әділет Базарбай.

Жас маман «Радиотехника электроника және телекоммуникация» мамандығы бойынша колледжді бітіріп, жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелген.

«Еңбек» бағдарламасы арқылы «Қазақтелеком» АҚ Оңтүстік аймақтық телекоммуникация дирекциясының филиалына жолданды. Осылайша жастар практикасы шеңберінде жұмыс тапқан маман жастарды бағдарламаға қатысуға шақырады.

Биыл қалалық жұмыспен қамту орталығы тарапынан 2500 жасты аталған бағдарлама аясында жұмысқа орналастыру жоспарланған. Жастар практикасы бойынша тәжірибе жинақтап жүрген түлектерге 25 АЕК көлемінде жалақы төленеді. Жыл басынан бері 600-ден астам шымкенттік жас тәжирибеден өтуде.

Қазір оқып жатыр

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.