USD
USD
USD

Жастар қаржы сауаттылығын мектепте білуі қажет

Президент жастар тәрбиесі мен нашақорлық жайында пікір білдірді. 

Жастар қаржы сауаттылығын мектепте білуі қажет
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Жас ұрпақтың, әсіресе, қазіргі құбылмалы заманда сыни тұрғыдан ойлай білуі маңызды. Балаларымыздың танымы кең болуына жағдай жасауымыз қажет. Бұл туралы белгілі қоғам қайраткері Жақсыбек Құлекеев өте орынды пікір айтты. Мектепте оқушылардың тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ететін дәрістер оқытылуға тиіс.

Жастар ақпаратты қорыта білуді, уақытын дұрыс пайдалануды, қаржы сауаттылығын мектеп қабырғасынан біле бастауы қажет. Өскелең ұрпақты түрлі ойындарға құмар болудан сақтандыру керек. Бұл мәселе бойынша Құрылтайдың бірқатар мүшелері, соның ішінде белгілі спортшы Ислам Байрамуков жақсы айтты. Жеңіл жолмен пайда табу жақсылыққа апармайтынын үнемі түсіндіріп отырған жөн. Адал табыс адал еңбекпен келеді.

Мен тағы бір нәрсеге баса назар аударғым келеді. Бұл – нашақорлық. Бұл – ұлт саулығына зор қауіп төндіретін кесел. Есірткі жастардың жанын да, тәнін де улап жатыр. Біз есірткіні қолданудың, дайындаудың және таратудың жолын кесіп, тамырына балта шабуға тиіспіз. Әйтпесе, бүкіл еліміздің болашағы бұлыңғыр болады. Бұл мәселе мені қатты алаңдатады. Химиялық есірткілер нарықта кең ауқымда сатылуда. Криминалдық топтар жастарды осындай заңсыз әрекеттерге тартып жатыр»

Қазір оқып жатыр

Әл-Фарабидегі жол апаты: Zeekr жүргізушісі 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Александр Пак

ҰБТ басталған алты аптаның ішінде 624 талапкердің нәтижесі жойылған

ҰБТ

CTS Астанадағы LRT-ның келесі кезеңіне Қытай биржасынан инвестиция тартыла ма?

.

Мәжіліс төрағасы Брест қамалы музейіне Хиуаз Доспанованың мүсінін сыйға тартты

Ерлан Қошанов