USD
USD
USD

Жастар Азиядан 6 алтын ұтты

Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында бокстан жастар арасында Азия чемпионаты өтіп, Қазақстанның жастар құрамасы 6 алтын медаль жеңіп алды. Бұл жаңалықты Sports.kz таратты.

Жастар Азиядан 6 алтын ұтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы, Махмұд Сабырхан, Бейбарыс Жексен, Дархан Дүйсебай, Тоғамбай Сағындық және Аманат Сабырғали финалда қарсыластарынан басым болды.

Айта кетейік, финалда төрт қарсыласымыз өзбек боксшылары болды. 56 келіде Бейбарыс Жексен Хуршидбек Расулжоновты 5:0 есебімен тас-талқан етті. 91 келідегі Тоғамбай Сағындық (Амиршох Самадов) пен 64 келідегі Дархан Дүйсебай (Жавлонбек Юлдошев) да қарсыластарын осындай ірі есеппен жеңді. Өкінішке қарай, Азамат Бектас (75 келі) Сухробжан Каимовтен 1:4 есебімен ұтылып қалды.

Алтын ұтқан қалған ұлдардың қарсыластары – Үндістан, Тайланд және Оңтүстік Корея боксшылары.   

Қазір оқып жатыр

84 медаль: Қазақстан Азиадада сегізінші орын алды

Төрехан

Көк-Жайлауда 2 мыңға жуық Шренк шыршасы отырғызылды

.

Томан ауылында алғаш рет балабақша ашылады

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қорғаныс министрлігіндегі ауыс-түйіс жалғасып жатыр

Ақтаудағы сарбаз өлімі