USD
USD
USD

Жастар әлеуметтік желіде жаңа акция бастады

Астана күнін мерекелеу аясында #МеніңЕлордам және #ЕлбасыЖәнеМен Жастар акциялары басталды.

Жастар әлеуметтік желіде жаңа акция бастады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бүгін «Жас ұлан», Nur Otan партиясы жанындағы Jas Otan Жастар қанатының және Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Жарасым» республикалық жастар ұйымдарының бастамасымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында әлеуметтік желіде Елорда күнін мерекелеуге арналған #МеніңЕлордам және #ЕлбасыЖәнеМен бірыңғай хэштегтермен жастар акциялары мен челендждер басталды.

«Қазақстанның барлық өңірлерінің жастары Елбасыны құттықтауы және фотосуреттерін жариялауда. Аталған акциялар қоғамда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қазақстандық мемлекеттілікті құрудағы ауқымды тарихи рөлін нығайтуға, жастардың бойында патриотизм сезімін және өз елордасы мен елі үшін мақтаныш сезімін одан әрі дамытуға, елорданың рухани, экономикалық және әлеуметтік әлеуетін көрсетуге бағытталған», делінген хабарламада.

Акция Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде онлайн форматта өткізіледі. Оны өңірлік жастар ұйымдарының көшбасшылары мен өкілдері, сондай-ақ еліміздің барлық өңірлерінің жастар белсенділері, студент жастар қолдады.

Қазір оқып жатыр

СІМ соғыс аймағында жүрген 14 қазақстандықтың елшілікке жеткізілетіні туралы ақпаратты теріске шығарды

СІМ

Ыстамбұлда жеті қабатты үйдің үш қабаты опырылып, екі адам қаза тапты

Опырылған ғимарат

Украинадағы соғыс аймағында жүрген 14 қазақстандық Ресейдегі елшілікке жеткізіледі

Мейірман Шекеев

Ақтөбе облысында ер адам уақытша ұстау изоляторының төбесі арқылы қашып кеткен

Қашу