USD
USD
USD

Жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстанның сегіз боксшысы жартылай финалға жолдама алды

Будвада (Черногория) бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Қазақстаннан сегіз боксшы медаль алу мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бокс
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. Жартылай финалға Диас Берікбай (48 келіге дейінгі салмақта), Төрехан Сабырхан (67 келіге дейінгі салмақта), Санжарәлі Бегалиев ( 75 келіге дейінгі салмақта), Расул Асанханов (92 келіге дейінгі салмақта), Әнел Әбдірасилова (48 келіге дейінгі салмақта), Толғанай Қасымхан (60 келіге дейінгі салмақта), Аружан Жанабаева (63 келіге дейінгі салмақта), Аружан Зейноллаева (81 келіге дейінгі салмақта) жолдама алды.

Бұл боксшылар кем дегенде «қола» алады.

Бүгін, 30 қазанда кезекті ширек финалдар өтеді. Рингке тоғыз қазақстандық шығады.

Қазір оқып жатыр

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян

«Вашингтон моделі» БҰҰ аясындағы халықаралық келісімге негіз болуға лайық – Тоқаев

Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес отырысы

Тұңғыш алтын: таеквондошы Тамирлан Тілеулес Азиадада тарихи жеңіске жетті

Тамирлан Тілеулес