Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Жасөспірімдерге вакцина салу басталды

Қытай астанасында 12 мен 17 жас аралығындағы жасөспірімдерге Covid-19-ға қарсы 1 млн дозадан астам вакцина салынған. Бұл жайында ҚазАқпарат жазды. 

Жасөспірімдерге вакцина салу басталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 2021 жылғы 29 тамыздағы жағдай бойынша Бейжіңде барлығы 39 миллионнан астам вакцина салынды. Соның ішінде шамамен 1 млн доза 12-17 жас аралығындағы балаларға егілді.

ҚХР астанасында 20,18 млн адам екпе алған, оның 18,98 миллионы вакцинацияның толық курсынан өткен. 18 жастан асқан тұрғындар арасында екпе алғандар үлесі 95,56% көрсеткішіне жетіп отыр.

Бұған дейін ҚХР Денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитеті мен Қытайдың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының өкілдері хабарлағандай, елде 12 мен 17 жас аралығындағы жасөспірімдерге екпе салу жалғасады. Өйткені балаларға вакцина салу - ұжымдық иммунитет қалыптастырудың ажырамас бөлігі.

Ресми деректерге жүгінсек, Қытайдың құрлықтық бөлігінде коронавирусқа қарсы 2,04 млрд дозадан астам вакцина салынды.

Қазір оқып жатыр

Іле Алатауы табиғи паркінде 13 гектар аумақ өртке оранды

Орман өрті

Қостанай елдің тәтті тағамдар астанасына айналуда: «Баян сұлу» жаңа жобаны іске қосты

"Баян сұлу"

Kinopark фильмдерді прокатқа шығару үшін 60 млн теңгеге дейін жарнама ақысын талап еткен

Kinopark

Қарағандыдағы дүкендердің бірінде кәсіпкер күрішті 160 пайызға қымбат сатқан

күріш