USD
USD
USD

Жасырын жұмыс жүргізген массаж салоны анықталды

Салондағы бойжеткендердің қызметі массажбен шектелменен. 

Жасырын жұмыс жүргізген массаж салоны анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Учаске» жедел-іздестіру шаралары барысында түнде, елордадағы Темірқазық көшесінде орналасқан коттеджде массаж салонының жұмыс істеп тұрғаны анықталды. Салондағы бойжеткендердің қызметі массажбен шектелмеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Полиция қызметкерлері ол жердегі бойжеткендердің массаж қызметін ғана емес, белгілі бір сомаға интимді қызмет те көрсететінін анықтады. Салон иесі, 26 жастағы бойжеткен екен. Ол жезөкшелікпен айналысуға нысанын бергені үшін Әкімшілік кодекстің 450-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылды», - деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінен. Сонымен қатар коттедж иесі бас санитарлық дәрігердің карантин режимі кезіндегі шектеу шараларының нормаларын сақтамағаны белгілі болды. «Карантин режимін бұзған азаматтардың бәрі де заңға сәйкес әкімшілік жауапқа тартылды. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті коронавирус инфекциясыны таралуына жол бермеу үшін карантин режимінің сақталуы керектігін ескертеді», - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Алматыда бес адамның өмірін жалмаған өрт: қала әкімдігі мәлімдеме жасады

Оқиға орны

АТБ банкінен 3 миллиард рубль дивиденд. Назарбаев НЕГЕ инвестициясын қайтара бастады?

АТБ

Жезқазғанда 20 жыл бұрын болған атышулы кісі өлтіру ісіне күдікті Түркияда ұсталды

Витта Махмаханов

«Барселонадан» төрт гол жіберіп алған Покатиловтың ойыны қалай бағаланды?

Стас Покатилов