USD
USD
USD

Жасыл аймақты 13 мың гектарға ұлғайту жоспарланып отыр

Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Ғалымжан Ильясов қала әкіміне атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді.

Жасыл аймақты 13 мың гектарға ұлғайту жоспарланып отыр
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Жиында жасыл аймақтарды ұлғайту, саябақтар мен гүлзарлардың құрылысы, ирригациялық жүйелердің мәселелері талқыланды.

Басқарма басшысы 2021-2025 жылдары жасыл аймақтарды ұлғайту жоспарымен таныстырды. 2021 жылы жасыл аймақты 250 гектарға дейін ұлғайту көзделген. 2022 жылы 2250 га. 2023 жылы 3000, 2024 жылы 3200, 2025 жылы 4300 гектарға жеткізу межеленіп отыр.

Басқарма басшысының айтуынша, мемлекет мұқтаждығына қайтару бойынша қала әкімінің қаулылары шыққан жер телімінің аумағы – 4175 га. Оның ішінде, бүгінде 1 022 га жер телімі мемлекет мұқтаждығына қайтарылды.

Сондай-ақ, есепті жиында жасыл аймақтарды ұлғайту мақсатында егуге ұсынылатын ағаштар тізбесін ұсынылды. Атап айтқанда, қалада жасыл аймақ аумағына гледичие, шаған (ясень), бадам, қарағаш және жиде ағаштарын отырғызу жоспардануда.

Қазір оқып жатыр

Мусин, Тукиев, Жатқанбаева: Тоқаев Конституциялық сот судьясы етіп кімдерді тағайындады?

Конституциялық сот судьялары

Әскери кемелер жасайтын «Зенит» зауыты сатылымға қойылды

Зенит

Оңтүстік Кореяның экс-бірінші ханымының жазасы қысқарды

Ким Гон Хи

«Ар-намысымды қорғаймын»: Перуашев өзіне қатысты айыптауларға жауап берді

Ақ жол