USD
USD
USD

Жасы тоқсанға таяған қарияны тонап кеткен павлодарлық қыз ұсталды

Павлодар облысының полицейлері 88 жастағы зейнеткерді тонап кеткен 21 жастағы қызды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Тонау фактісі бойынша Павлодар қаласының полициясына 88 жастағы қария жүгінді. Әженің түсіндіруінше, кешке жақын бейтаныс қыз есіктің қоңырауын басқан. Пәтерге кірген ол қонақ бөлмеге барып, зейнеткерді әңгімеге алаңдату арқылы серванттан әмиянның ішіндегі ақшаны ұрлап алып, қашып кеткен.

– Төрт күннен кейін бұл қыз үйге қайта келіп, жастықтың астынан, кереуеттің астынан ақша іздей бастаған, бірақ ештеңе таппай, Panasonic телефонын тоқтан суырып алып, пәтерден белгісіз бағытта жүгіріп шығып кеткен. Жәбірленуші ұлына қоңырау шалып, полиция қызметкерлерін шақырды, – деді Павлодар қалалық ПБ ОПБ бастығы Жандос Орынбаев.

Жедел уәкілдер қарт әйелді тонаған ұрыны тапты. Ол 21 жастағы павлодарлық қыз болып шықты. Заттай дәлелдеме алынып, күдікті өз қажеттіліктеріне ақшаны жұмсап үлгерген.

Қазіргі уақытта тонау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті Павлодар қалалық ПБ УҚИ-ге қамауға алынды.

Қазір оқып жатыр

Шабуылдардан кейін Қазақстан мұнайы КҚК терминалы арқылы қайта жөнелтіле бастады

Қазақстан мұнайы

Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?

сайлауалды науқан

Мемлекет басшысы Астанада жасанды интеллект бойынша IOAI-2026 халықаралық олимпиадасын ашты

IOAI

«Ауылдағы интернет пен қазақстандықтарға арналған ЖИ»: «Әділет» партиясы неге өзін «цифрлы партия» деп көрсетеді

сұхбаттан үзінді