USD
USD
USD

ChatGPT ұзын сызықшаны алып тастайды

ChatGPT енді ұзын сызықшаны қолданбайды. Бұл туралы OpenAI бас директоры Сэм Альтман Х әлеуметтік желісінде жазды. 

Open AI
Фото: ашық дереккөз

Астана, NEGE. Альтманның айтуынша, егер пайдаланушылар белгілі бір тыныс белгісін қолданбауды сұраса, чат-бот бұл өтінішті орындайды. OpenAI бас директоры мұны шағын, бірақ қуантатын жеңіс деп атап өтті. 

«Егер сіз ChatGPT-дегі жеке нұсқаулықтарыңызда ұзын сызықшаларды қолданбауды айтсаңыз, ол енді шынымен солай істейді!» – деп жазды ол.

Еске салайық, бұған дейін чат-бот аударма мен ақпараттық мәтіндерде жиі ұзын сызықша пайдаланатын. Көпшілік осы белгі арқылы мәтіннің жасанды интеллект көмегімен жазылғанын аңғарып қоятын.

Қазір оқып жатыр

«Әр мәселенің артында нақты адам тұр»: сарапшы сапасыз бензин туралы

Decaf.

86 млн теңгелік автошеру: «ҚазТрансГаздың» бұрынғы басшысы Санжар Боқаевтың рөлі туралы айтты

Боқаев

Қорғаныс министрі әскери қызметте қаза тапқан сарбаздардың туыстарымен кездесті

Gov

Бурабайда орманды қоршаған құрылысшылардың рұқсат құжаты жоқ болып шықты

Бурабай