Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Жас жігітті бопсалаған орамалды қыз ақша алып жатқан жерінен ұсталды

Атырауда 21 жастағы қыз шымкенттік 18 жастағы бозбаладан 2 миллион теңге ақша бопсалаған.

Жас жігітті бопсалаған орамалды қыз ақша алып жатқан жерінен ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Polisia.kz мәліметі бойынша, бопсалау фактісі бірнеше рет қайталанған.

Алғашында жігіттен 2 миллион теңге алып, кейін одан 1 540 000 теңге сомасында тағы да ақша талап еткен. 18 жастағы жігіт полицияға хабарласып, мән-жайды түсіндіріп, көмек сұраған. Оның айтуынша, қыз оны “Зорлау” фактісі бойынша үстіңнен іс қозғатамын деп қорқытқан. Алайда жігіт жыныстық қатынас екі жақты келісіммен болды деп ақталады. Екеуі, тіпті әріптестер екен. Ол қыз жақсы танысым, тіпті тұрғылықты мекені Шымкент қаласына алып барып, ата-анаммен таныстырдым дейді.

Атырау облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы жедел іс-шара кезінде күдіктіні жігіттен 500 000 теңге көлемінде ақша алып жатқан кезінде ұстады. Тексеру кезінде қыз деструктивті діни ағым өкілі екендігі анықталды. Қазіргі уақытта 21 жастағы қала тұрғынына қатысты ҚР ҚК 194-бабы 1-бөлігімен (Қорқытып алу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ ақша бопсалаған қыздың бопсалау қылмысы бойынша басқа да фактілерге қатыстылығы тексерілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, - дейді Атырау облыстық ПД.

Қазір оқып жатыр

Ер адамдардың бір-бірін құшақтап, сүйіп амандасуы дұрыс емес – Тоқаев

жүріс-тұрыс әдебі

Иорданиялық бақылаушы: Қазақстанның сайлауды ұйымдастыру тәжірибесі шынайы қызығушылық тудырады

Бушра Абу Шухут

«Чарли Чаплин» Құрылтай сайлауында дауыс берді

Чарли Чаплин

Құрылтай сайлауында ел тұрғындарының жартысынан астамы дауыс беріп үлгерді

Құрылтай сайлауы