USD
USD
USD

«Жас өнерпаз» байқауы өтті

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Шымкенттегі Дарын орталығында мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілері арасында «Жас өнерпаз» музыкалық шығармашылық байқауы өтті. 

«Жас өнерпаз» байқауы өтті
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Байқауға Шымкент қаласының мектепке дейінгі 31 ұйымнан 57 тәрбиеленуші қатысты. 

Қаратау дәстүрлі өнер мектебінде өткен байқаудың негізгі мақсаты - балалардың шығармашылыққа деген талпынысын арттыру, дамуына қолдау көрсету, дәстүрлі әндерді дәріптеу. Сондай-ақ, ұлттық тәлім-тәрбиені жастардың бойына сіңіре отырып ізгілік пен адамгершілікке баулу.  

Байқауға қатысып, өнер көрсеткен өрендердің арасынан жеңімпаздар анықталып, марапатталды. Жеңімпаздарды Дарын орталығының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Джеренова Раушан Омарханқызы марапаттады. 
 Байқау "Әнші балапан", "Биші балапан" және "Сәнқой балақай" номинациясы бойынша өткізілді. Жеңімпаздарға I, II, III дәрежелі дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Қазір оқып жатыр

Михаил Ломтадзе: Kaspi.kz-тің мақсаты – клиенттерге арналған әлемдегі үздік AI-сервистердің бірін жасау

Ломтадзе

Астана тұрғыны бұрынғы әйелінің үстіне жанғыш сұйықтық құйып, өртеп жіберемін деп қорқытқан

Бөтелке ұстаған ер адам

Бензин бағасының төмен болуы инвестор тартуға кедергі келтіреді – Бектенов

Мұнай өңдеу саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес

Exclusive-ке жасалған DDoS-шабуылға «Қазақтелекомның» қатысы бар ма?

Қазақтелеком