USD
USD
USD

​Жас құтқарушылар арасында жарыс өтті

Шымкент қаласындағы Оқушылар сарайында ерікті жас құтқарушылар арасында жарыс өтті, деп хабарлайды Shymkentaqparat.

​Жас құтқарушылар арасында жарыс өтті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Іс-шараны Шымкент қаласы ТЖ департаментінің Әл-Фараби ауданы ТЖ басқармасы ұйымдастырды. Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Абиль Уразов жарысты аша отырып, өткізіліп жатқан іс-шараның маңыздылығын атап өтті. Жазғы демалыс алдында қауіпсіздік ережелерін еске салу және қайталау – бұл іс-шараның басты мақсаты. Қала мектептерінің оқушылары 3 команда құрамында "Бүркіт", "Үркер" және "Сұңқар" құрама аралас эстафетада, арқан тартуда жарысты. Жас құтқарушылар допты иелену шеберлігін, арқан тартудағы күш пен ептілікті, өрт сөндіргіштерді пайдалану бойынша білімдерін көрсетті.

Барлық команда тапсырмаларды орындауда жоғары үйлесімділік пен дәлдікті көрсетті, алайда "Бүркіт" командасы жарыстың жеңімпазы атанып, үздік нәтиже көрсетті. Жеңімпаздарды марапаттағаннан кейін өрт сөндіру есептоптары арнайы жабдықтарды жылдам кию, өрт жеңдерін жаюда өз шеберліктерін көрсетті. Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жазғы демалыс қарсаңында оқушылар арасында судағы қауіпсіздік бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек